1414
ru
kk ru
Версия для слабовидящих
Истории пациентов
Түркістан облыстық балалар ауруханасында 17 жастағы жасөспірімге МӘМС шеңберінде күрделі операция жасалды. Науқас Шардара ауданынан санитарлық авиация қызметі арқылы ауыр халде жеткізілген. Тексеру барысында оның бесінші мойын омыртқасы зақымданғаны, соның салдарынан аяқ-қолын басқара алмай қалғаны анықталды.

Дәрігер-нейрохирургтар шұғыл түрде транспедикулярлық фиксация әдісімен жоғары технологиялық ота жасады. Процедура кезінде ангиограф аппараты қолданылып, зақымдалған омыртқа хирургиялық жолмен жасанды омыртқаға ауыстырылды.

Мамандардың айтуынша, операцияның басты мақсаты – жұлынды қысымнан босатып, омыртқаны бекіту арқылы жасөспірімнің қимыл-қозғалысын қалпына келтіру.

Айта кетейік, соңғы бір айдың ішінде облыстық балалар ауруханасында омыртқаға 5 күрделі операция жасалып, барлығы сәтті аяқталды. Науқас балалардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды.
newshub.kz
02.09.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Читайте также
ТАРАЗДА ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
ТАРАЗДА ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жасөспірімнің жүректегі туа біткен ақауын емдеу үшін жасалған ота сәтті өтті.
04.10.2025
СЕРДЦЕ СНОВА БЬЕТСЯ РОВНО: В СЕМЕE ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ БЕСПЛАТНО
СЕРДЦЕ СНОВА БЬЕТСЯ РОВНО: В СЕМЕE ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ БЕСПЛАТНО
В Университетском госпитале НАО «МУС» города Семей 77-летней пациентке успешно проведена операция на сердце — одинарное внутреннее маммарно-коронарное шунтирование.
16.09.2025
ВРАЧИ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СПАСЛИ ПЯТИЛЕТНЕГО РЕБЕНКА В КРИТИЧЕСКОМ СОСТОЯНИИ
ВРАЧИ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СПАСЛИ ПЯТИЛЕТНЕГО РЕБЕНКА В КРИТИЧЕСКОМ СОСТОЯНИИ
В Районную больницу №1 села Шелек Алматинской области в экстренном порядке поступила пятилетняя девочка с крайне тяжелым диагнозом.
08.09.2025
Смотреть все
Подать обращение Калькулятор ОСМС Поиск